Бұл бағдарламада сіздер Қазанғаптың «Бозторғай» және «Әлиманың боз жорғасы» күйлерінің шығу тарихымен танысасыздар. Бұл деректер автордың 40 жылдық ізденісінің барысында Әлима ұрпақтарынан және басқа да баспа бетінде жарияланған қайнаркөздерден алынды. Бұл мағлұматтар автордың «Күй төресі — Қазанғап» атты еңбегінде жарық көрді.
Бағдарлама авторы — күйші Абдулхамит Райымбергенов.