Бұл бағдарлама атақты ақын, әнші, композитор Батықтың Сарысының өмірі жайлы сыр шертеді. Қазанғаптың домбыраға тіл бітіріп, Сарының тағдырын домбыраның қос шегіне салып шығарған шерлі күйлерімен танысасыздар. Қазанғаптың ізін жалғаушы Кәдіралы Ержанұлы туралы да дерек бар. Бұл мағлұматтар автордың «Күй төресі — Қазанғап» атты еңбегінде жарық көрді.
Бағдарлама авторы күйші, өнертанушы Абдулхамит Райымбергенов