Айша — күйші, әнші, биші ретінде елге танылған ерекше дарын иесі болған. Айша тағдыры — күймен өріліп аңызға айналған қазақ қызының өмірі. Бағдарламада Айшаның махаббат пен тағдыр алдындағы дәрменсіздігі, оның күй арқылы ішкі мұңы мен арманын қалай жеткізгені туралы айтылады. Қазақтың біртуар күйшілері, соның ішінде Қазанғап Тілепбергенұлы мен Сейтек сынды тұлғалардың Айшаға берген бағасы көрсетіледі.
Бұл мағлұматтар автордың «Күй төресі — Қазанғап» атты еңбегінде жарық көрді.
Бағдарлама авторы: күйші, өнертанушы Абдулхамит Райымбергенов