Бұл шығарылым Қазанғап Тілепбергенұлының «Шайтан күй» атты күйінің шығу тарихына арналған. Бағдарламада Қазанғаптың күйшілік өнерінің қалыптасуына әсер еткен ұстаздары туралы айтылады. Соның ішінде, Қаратөс-Аймағамбет пен Төреш күйшілердің орындаушылық мектебі ерекше сипатталады. Әсіресе, Төреш күйшімен болған күй тартысы баяндалып, сол сайыста туған Қазанғаптың «Шайтан күй» туындысының тарихы жайында сөз қозғалады. Бұл күй Қазанғаптың күйшілік өнердегі орындаушылық шеберлігін айқындай түседі. Бағдарлама күй өнеріндегі ұстаз бен шәкірт дәстүрін терең танытады.
Бұл мағлұматтар автордың «Күй төресі — Қазанғап» атты еңбегінде жарық көрді.
Бағдарлама авторы: күйші, өнертанушы Абдулхамит Райымбергенов