«Күй және аңыз» бағдарламамыздың тақырыбы «Табақ тартқан» — Қазанғап пен Бүркітбай арасындағы тағдырлы тарих»

by Ilyas

Армысыз, көрермен! Бұл шығарылым күйші Қазанғап мен Бүркітбай арасындағы ерекше байланыс туралы.
1902 жылы Бүркітбайдың жылдық асына келген Қазанғап оның торы жорғасымен табақ тартып жүргенін көріп, дүниенің өткіншілігіне арнап «Табақ тартқан» күйін шығарады.
Сонымен қатар Бүркітбайдың өтініші бойынша оның торы атына арнап шығарған «Бөгелек» күйінің тарихы баяндалады.
Күй арқылы адам мен заман тарихын, қазақтың жомарттығын тануға мүмкіндік береді.
Бұл мағлұматтар автордың «Күй төресі — Қазанғап» атты еңбегінде жарық көрді.
Бағдарлама авторы: күйші, өнертанушы Абдулхамит Райымбергенов.