Абдулхамит Райымбергеновтің 50 жас мерейтойына арналған кештен үзінділер. Кешке өткен ғасырдың 80-ші жылдары құрылған ұлттық этнографиялық «Мұрагер» және кейін құрылған «Көкіл» ансамбілдері қатысып, ұрпақ жалғастығының дәлелі болды.
Кеште түркі музыкасының белгілі өкілдері: қырғыз, түркімен, башқұрт, тывалықтар Құрманғазының «Адай» күйін бірге орындады. Күй тартыс пен «Секіртпе» күйі де көрерменнің көңілінен шықты.
